• Ru
  • Kz

Халықаралық қарттар күні

01 October 2020

Бүгін, 1 қазан - Халықаралық қарттар күні. Қазақстанның өсіп - өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Саналы ғұмырларын, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ардагерлеріміздің төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Үлкенді сыйлау оларға құрмет көрсету ата-бабамыздан келе жатқан салтымыз. ​Бүгін денсаулық саласында емханада еңбек еткен құрметті еңбек демалысындағы: Цхе Роза Андреевна, Мырзамуратова Сапаргул Куралбаевна, Опарина Тамара Дмитриевна сынды еңбек ардагерлерін «Almaz Medical Group» ЖШС Жамбыл филиалының бас дәрігері Н.А.Алкуатов бүгінгі мерекелерімен құттықтады және оларға жылы ізгі тілегін білдіріп, гүл шоқтарын сыйлады.

Вернуться