• Ru
  • Kz

Бүгін жаңа емхананың ашылу рәсімі өтті

16 September 2022

Бүгін жаңа емхананың ашылу рәсімі өтті. Ашылу рәсіміне Тараз қаласының әкімі Орынбеков Бақытжан Амирбекұлы және Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Мырзақасымов Хамит Саттарқұлұлы қатысты.
Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің «Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасын іске асыру барысында аурулардың барынша кең спектрін диагностикалауды және емдеуді қамтамасыз етіп отыр.
Осы жобаға байланысты «Аlmaz Medical Group» емханасынан халыққа қолжетімді және тұрғындардың жақын жерден медициналық көмек көрсету үшін тұрғындар көптен күткен филиалы ашылып отыр.
Ашып отырған ғимарат емхана 2000 шаршы метр аумағын қамтып отыр. Қызмет көрсету аймағы Самал, Аса және Қарасу мөлтек аудандары. Осы емхана -17798 тұрғындарға, оның ішішде 7000 -18 жасқа дейін балаларға қызмет көрсетіледі. Филиал заманауи жетілдірілген құрылғылармен жабдықталған. Цифрлық рентген, УДЗ, физиокабинеттері, 16 төсек орынды күндізгі стационар және пациенттерді қолдау қызметі жұмыс жасайды. Негізгі емханамыз Мынбұлақ мөлтек ауданында орналаскан, жыл сайын халық санының көбеюіне байланысты емхана басшылығы осы аймақтан жаңа ғимарат соғу шешімін қабылдап, былтырғы жылдан құрылысы басталып, қазіргі таңда іске қосылды.
Денсаулық сақтау саласының үздігі, осы емханада 30 жылдан астам бас дәрігердің орынбасары қызмет атқарған Айнагуль Шыныбайқызы Жумағанбетова құттықтау сөз айтты.
Салтанатты рәсімге ақсақалымыз Амангелді Есіркепұлы қатысып, батасын берді.
Қонақтар ғимаратқа кіріп емхана жұмысымен танысты.Танысу барысында қала әкімі Орынбеков Бақытжан Амирбекұлы күндізгі стационарда емделіп жатқан пациенттермен кездесті. Пациенттер емханаға алғыстары мен ризашылықтарын жеткізді.
Таныстырушы: «Аlmaz Medical Group» емханасының Жамбыл филиалының бас дәрігері Мирзакулова Ирискуль Абдрашитовна.

Вернуться