• Ru
  • Kz

Ана мен бала денсаулығын арттыру

27 April 2023

Бүгін Жамбыл облыстық денсаулық сақтау басқармасында 2023 жылдың 1 тоқсан қорытындысымен 1 жасқа дейінгі нәрестелер өлімі, сыни жағдайда болған нәрестелердің талдауы туралы кеңейтілген жұмыс отырысы өткізілді.
Облыста 2023 жылдың 3 айының қорытындысымен 6097 бала туылып, 36 нәресте шетінеген. (2022 ж.-6647 туылды, 42 шетінеген), өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, нәресте өлімі көрсеткіші - 6,9 %-дан 5,9%-ға төмендеген.
​Жұмыс отырысының негізгі мақсаты - нәресте өлімінің негізгі себептерін талдап, алдағы уақытта аталған жағдайды болдырмау мақсатында шешу жолдарын қарастыру.​
Күн тәртібіндегі негізгі мәселе бойынша баяндама жасаған Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс педиатры Сарина Құралай облыстағы нәрестелер күтімі мен денсаулығын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, балалар ауруларын диагностикалау мен емдеудің бекітілген клиникалық хаттамаларына сәйкес көрсетілуі туралы талдау-сараптау материалдарын ұсына отырып, нақты мәліметтерді атап шықты.
«Бала жасындағы ауруларды ықпалдастыра жүргізу және патронаждық әмбебап прогрессивті моделі (БЖАЫЖ/ПӘПМ) стратегиясын іске асыру» туралы
БЖАЫЖ/ПӘПМ облыстық үйлестірушісі, облыстық көпбейінді балалар ауруханасының дәрігері Бағила Бегманова әңгімеледі.
«Облыстағы неонаталды қызмет жағдайы туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс неонатологы Талғат Толықбаев нәресте өлімі жағдайларында, тәуекел тобындағы балалар мен стационарлық емделуде жатқан балалардың динамикалық мониторингін жүйелі түрде бақылауға алу, сәбилер күтімі мен денсаулығын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасады.

Облыстың бас дәрігері Жанар Мықтыбекқызы облыстағы ана мен бала денсаулығын арттыру, нәресте өліміне жол бермеу бойынша жұмыстарды жетілдіру туралы емдеу мекемелері басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Вернуться