• Ru
  • Kz

Ерте жүктілік

14 October 2023

Ерте жүктілік деп 13-18 жаста болатын жүктілікті айтады.
Ерте жүктілік немен қауіпті?
Жүктілік кезінде ағза күшейген тәртіпте жұмыс істейді – жүрек-қан тамыры, эндокриндік жүйе және ішкі органдарға үлкен жүктеме артылады. Бұның қиындығы жасөспірімнің гормондық қайта құрылуы – жүктілік қайта құрылуға жүктелгені. Жас аналарда көбінесе плацентарлық тапшылық, анемия, токсикоздар болады. Қыз балалардың ағзасы осындай жүктемелерге әзір емес!
Салдары:

• Бедеулік - жатыр мен жатыр мойны қабырғасының зақымдануына байланысты жүктілікті көтере алмаушылық дамуы, қан кету, түсік тастау қаупі, мезгілінен бұрын босану.
• Келесісі ол – психологиялық мәселе. Жүкті екенін білген қыз оңашаланады, өзі үлкен мәселелерді шеше бастайды, яғни ерте есейеді.
• Социалдық мәселе. Қазіргі қоғам ерте жүктлікке қарсы, көбіне сөгіп талқылайды. Қыз бала ата-анасына айтуға қорқады, босану үшін колледжді тастайды. Білімі жоқ болған соң дұрыс жұмысқа орналаса алмайды
• Жасанды түсіктен салдарынан дамитын әр түрлі жыныс мүшелерінің аурулары: Жатыр миомасы, аналық без кистасы
• Жыныс жолдары берілітін инфекциялар (ЖҚТБ, соз, сифилис және т.б
Ерте жүктіліктің қандай профилактикасы бар ма?

ПРОБЛЕМАМЕН КҮРЕСУДІҢ ЕҢ ҮЗДІК ТӘСІЛІ – ПРОБЛЕМАДАН САҚТАНУ.
➢ Жоспарланбаған жүктіліктен сақтанудың тәсілдері туралы ата-анамен жиі әңгімелесу керек. Жыныстық тәрбие туралы кітаптар оқу.
➢ Егер қыз бала жыныстық қатынасқа ерте түссе, оның салдарын білуі керек. Осындай өмірге ол дайын ба? Баланы көтеріп, өмірге әкеле ала ма? Егер ол ерте жүктілікке әзір болмаса, ол сақтанудың жолдары және құралдары туралы толық ақпараттануы керек
➢ Сонымен қатар қазіргі таңда барлық қалалық ауруханаларда осындай мәселеленің алдын алу мақсатында «Жастар орталықтары» құрылған. Ата –аналарына, ұстаздарына қысылып атйалмаған проблеммаларды сол жерде жұмыс атқаратын мамандарға айтуға болады. Анонимді түрде кеңес алуға болады.

Вернуться