• Ru
  • Kz

«Қызылшаның алдын алу және емдеу»

17 November 2023

Бүгін «Almaz Medical Group» ЖШС иммунологы Майра Зиятбекқызы «Қызылшаның алдын алу және емдеу» тақырыбында семинар өткізді. Семинарға «Almaz Medical Group» ЖШС емханасының дәрігерлері мен медбикелері қатысып, аталған ауруға қатысты барлық сұрақтарына жауап алды.

Семинарда қызылшаға қарсы профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру, қызылшаға қарсы вакцинация жасау, инфекцияның таралу жолдары, белгілері, балалардағы аурудың емі және алдын алу мәселелері талқыланды. Қызылша, негізгі қауіп топтары және берілу жолдары туралы презентация көрсетілді.

Семинар оң пікірлер алып, емхана дәрігерлерінің қызылшаға қатысты қырағылығын арттырды. Іс-шара жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша тек медицина қызметкерлері арасында ғана емес, сонымен қатар, ең алдымен, қала тұрғындары арасында санитарлық-ағарту жұмыстарының маңыздылығын және бұл жұмыс кез келген деңгейдегі мамандар жұмысының құрамдас бөлігі екенін тағы бір рет растады.

Вернуться