• Ru
  • Kz

"Онкологиялық аурулардың алдын алу "

12 December 2023

'Almaz Medical Group" ЖШС емханасында "Онкологиялық аурулардың алдын алу "айлығы өтті.
Біздің елімізде ғана емес, бүкіл əлемде ,өкінішке орай ,онкологиялық аурулардың түріде, оларға шалдыққан науқастардың саны көбеюде.
✅Əр адам өз тарапынан не істей алады?
🔴 Дəрігерге дер кезінде қаралу арқылы аурудың қауіпін азайта алады. Егер дер кезінде скринингтік зерттеулер жүргізілсе онкологиялық аурулардың басым бөлігін ерте анықтауға болады.Обырды дер кезінде анықтау ем - домның нəтижесін арттырып , пациенттердің өмірін ұзартуға ,өмір сүру сапасын жақсартуға мүмкіндік бар.
✅ Қатерлі ісік қайдан пайда болады ?
🔴Қатерлі ісіктің пайда болу ошақтарының бірі - созылмалы аурулар , күйзеліс (стресс)
✅ Алдын алуға бола ма?
🔴 Əрине .Профилактикалық тексерулер мен скринингтерден өтіп тұрыңыз! !!
Скрининг - шағын болса да ең қажетті тексерулерден тұратын зерттеулер кешені.
Бүгінде Денсаулық сақтау кодексінің талаптарына сəйкес азаматтар өмір жасының əр кезеңінде əртүрлі дертті анықтау мақсатында скринингке шақырылады.
🔸Бұл тексеру - ауруды алдын ала анықтап, оңтайлы емдеу əдісін таңдауға ,уақытылы ем - дом қабылдауға көмек. Емханаға енгізілген 'жасыл дəліз' қағидаты қатерлі ісікті дер уақытында айқындауға мүмкіндік беріп отыр.
🔸Скринингтен өту үшін емделуші тұрғылықты жері немесе тіркелген мекенжайы бойынша емханаға хабарласуы керек.
🔸Скринингтік тексеру əр жас шамасына қарай түрлі диагноздарды анықтау мақсатында жүргізіледі.
🔸Əйелдердің жатыр мойын қатерлі ісігін анықтау үшін 30 жастан бастап тексеруден өткіземіз.
🔸Сүт безінің қатерлі ісігіне тексеру 40 жастан басталады.
🔸Ерлер мен əйелдер 50 жасқа толғанда тоқ жəне тік ішек қатерлі ісігі бойынша тəуекел тобына жатқызылады.
🔸 "Жасыл дəліз " - яғни науқас адам мамандардан кеңес алып жəне амбулаториялық жағдайда қатерлі ісік болуы мүмкін деген күдікке ілінсе, ол түрлі тексерулерден кезектен тыс бағытталады.

Вернуться